Өзін-өзі тану онкүндігі
3-13 ақпан аралығында өзін- өзі тану пәнінен «махаббатпен шығармашылық педагогикасы онкүндігі өтілді.
3-ақпанда онкүндіктің салтанатты ашылуы болып, жоспарымен таныстырылды.
5-ақпан күні пән мұғалімі Ш Шайдарова 5-8 сыныптар аралығында «Алтын жүректі анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын өтілді. Бұл сайыста 1- орынды 8- сынып оқушысы Таубай Гүлдәрі, 2-орынды 8- сынып оқушысы Қабылбай Ақторғын, 7-сынып оқушысы Таубай Дидар.
3- орынды 5- сынып оқушылары Әбіл Елнұр, Бауыржанқызы Арайлым иеленді.
7-ақпан күні «жүрегім толы мейірім» атты шығармашылық көрме(сурет, ашық хат, қолөнер) өткізілді.
10-ақпан күні 5-8 сыныптар аралығында пән мұғалімі Ш Шайдарова «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Осы тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп оқушылар өз ойларын ашық айтып, ортаға салып талқылады.
5- сынып оқушысы Алым Қалқаман, Сәбитұлы Жанарыс, Құрманәлі Мағжан, Тоқан Несібелі ,7-сынып оқушылары Таубай Дидар,Алым Ақдидар, пікірлерін ашық айта білді.
13-ақпан күні «Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында пән мұғалімі М Жалымбетова 9-11 сыныптар аралығында пікір алмасу сайысын өткізді. Сайыста Әләйдар Нұрымжан, Қалықұл Бекзат, Махамбет Жанна, Көшекәлі Әнел,Мұратқызы Мақпал,Нұртасбек Ақниеттер ойларын ашық айта білді.